26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Деніңіз сау болса да, емханаға не үшін бару керек?

Кейбір азаматтар қандай медициналық қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында алуға болатынын білмейді. Ал емханаға тіркелу арқылы көптеген медициналық қызметті алып, қаражатты үнемдеуге болады. Осы жайлы толығырақ қарастырайық.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында емханаңызды білудің қаншалықты маңызды әрі тиімді екенін тағы бір мәрте еске салады.

«Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің басым бөлігіне зер салсақ, олардың көпшілігі қай қызметтердің сақтандырусыз көрсетілетінін, қайсысы МӘМС пакетіне кіретінін білмейді. Шын мәнінде емханада профилактикалық тексеруден бастап күрделі операцияларға дейін көптеген қызмет түрін алуға болады. Егер өз құқығыңызды біліп, тіркелген емханаңызға жүгінсеңіз, мұның бәрі тегін көрсетіледі», – деді ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Қайда бару керек?

Медициналық қызметтерді пайдалану үшін еңалдымен өз емханаңызды және учаскелік дәрігеріңізді білу маңызды.

Егер сіз бұрын-соңды емханаға бармаған болсаңыз, тіркелген медициналық ұйымды eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен немесе eGov Mobile мобильді қосымшасынан біле аласыз.

Кейбір өңірлерде (мысалы, iKomek) анықтама қызметтері бар, олар сіздің тұратын мекенжайыңызға сәйкес келетін медициналық ұйымды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармаларынан да кеңес алуға болады.

Айта кетейік, қажет болған жағдайда– жылына екі рет өз қалауыңыз бойынша, сондай-ақ тұрғылықты жерді ауыстыруға байланысты немесе тіркеу кампаниясы кезіндеемхананы ауыстыруға болады(толығырақ http://zan.gov.kz/client/#!/doc/148575/rus). Бұл қызмет eGov.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Бұл – негізгі минимум

Қай емханаға тіркелгеніңізді білген соң, сол жерге жүгініп, қажетті медициналық көмекті ала аласыз.

Әр тіркелген азамат жыл сайын өз емханасында профилактикалық тексеруден өтуге құқылы. Бұл ауруларды ерте кезеңде анықтауға және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.

Ең алдымен – флюорография. Ол өкпе ауруларын ерте анықтау үшін жылына бір рет жасалады.

Сонымен қатар, жыл сайын дәрігерге дейінгі тексеру кабинетіне бару қарастырылған. Ондаартериялыққысым, қандағықантмөлшері, бой, салмақжәнекөруөткірлігіөлшенеді. Егер сіз медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасын пайдалансаңыз, учаскелік дәрігерге жазылмас бұрын осындай кабинетке бару қажеттілігі туралы хабарламалар алып жүрген боларсыз. Бұл кабинетке жолдама да, алдын ала жазылу да қажетемес, қызмет көрсету әдетте кезекпен жүзеге асырылады.

Әйелдер міндетті түрде алдын ала қаралу кабинетіне баруы керек. Ондапрофилактикалық тексеру жүргізіліп, шағымдар туралы сұралады, онкоцитологияға жағынды алынады және жалпы әйелдердің денсаулық жағдайы бағаланады.

Сонымен бірге жасына байланысты ерлер мен әйелдерге, шағымның бар-жоғына қарамай көрсетілетін маңызды медициналық қызметтердің бірі – скринингтік тексерулер. Олар жүрек-қантамырлары, онкологиялық және басқа да ауруларды ерте кезеңде анықтауға бағытталған.

Айта кетерлігі, осындай тексерулерден тұрақты түрде өту мәселелерді уақытылы анықтап, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Махамаджан ДЖУМАНОВ, «Ақ Ниет Plus» ЖШС медицина орталығы директоры, 2025-11-26, 22:28 57
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.