26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
''2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы'' Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 50 851 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;

Жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуді уақтылы қамтамасыз ету мақсатында мынадай параметрлерді ұстану қажет.

1. Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10 % - ға артады.

2. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (237 875 теңге) құрайды.

3. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.

Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарғада қатысты.

4. Мүгедектігіне және  асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдар үшін Кодексінің 177 және 236-баптарында көзделген мөлшерде 2026 жылғы 1 қаңтарда ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты (50 851 теңге) жоғарылатылады.

5. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты (50 851 теңге) көтеріледі.

6. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің артуына байланысты келесі жәдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады: 

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар,

жерлеуге біржолғы төлем,

бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы,

ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы,

ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау, 

Кодексінің 190-бабының 3-тармағының 1)-17) тармақтарында қарастырылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар,

бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы,

 «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы,

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына және жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына тағайындалған, бірақ төленбеген бірреттік ақшалай өтемақы.

7. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы отырысында (№32 хаттама) мақұлданған Қазақстан Республикасының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес белгіленген инфляция деңгейіне – 10%-ға артылады.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы.

8. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің артуына байланысты мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы мөлшері көтеріледі.

Қазақстан Республикасының Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім бас маманы Д. Оспанова, 2025-12-18, 02:41 803
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.